Биология · ҰБТ-2026 · 5-тақырып / 12
Бөліп шығару
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Бөліп шығарудың маңызы. Өсімдіктер мен жануарлардағы бөліп шығару
- Биология, 7-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова, Ж. Алина)7-бөлім. Бөліп шығару — §29. Бөліп шығарудың маңызы; §30. Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері; §31. Жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы
- Биология, 7-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева)7-тарау. Бөліп шығару — §33. Организмнің тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығы; §34. Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері; §35. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйелерінің құрылысы
Адамның зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)7-бөлім. Бөліп шығару — §28. Шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы
Терінің құрылысы, бөліп шығарудағы маңызы. Тері аурулары
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)7-бөлім. Бөліп шығару — §29. Терінің құрылысы мен қызметі, оның маңызы; §30. Тері аурулары және гигиенасы
Нефронның құрылысы. Фильтрация және несептің түзілуі
- Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)7-бөлім. Бөліп шығару — §18. Нефронның құрылысы мен қызметі; §19. Бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар; §20. Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы; §21. Тірі ағзалардың бөліп шығару өнімдері
Зәр түзілу механизмі. Су алмасуды реттеу (АДГ). Диализ және бүйрек трансплантациясы
- Биология (ЖМБ), 1-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)Бөліп шығару — §50. Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі; §51. Су алмасуды реттеу; §52. Нысана-мүшелер; §53. Әсер ету эффекті; §54. Гипофункция. Гиперфункция; §55. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту; §56. Диализдің әсер ету принципі; §57. Перитонеалдық диализ. Гемодиализ; §58. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі; §59. Бүйрек трансплантациясы және диализ; §60. Бүйректі трансплантациялаудың артықшылықтары мен кемшіліктері
- Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)5-бөлім. Бөліп шығару — §21. Су алмасуды реттеу; §22. Қанды жасанды жолмен тазарту; §23. Бүйрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі; §24. Бүйрек трансплантациясы және диализ. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері
Оқу бағдарламасының мақсаттары (15)
- ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттау
- өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
- омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
- адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау
- бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
- терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау
- тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру
- нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау
- фильтрация және несептің түзілуі үдерістерін сипаттау
- бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау
- зәр шығару жүйесі, бүйрек ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
- әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасуларының соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату
- зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру
- су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру
- диализ механизмін түсіндіру
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Биология» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) — каз (ҰТО, testcenter.kz).