Биология · ҰБТ-2026 · 1-тақырып / 12
Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Спецификациядағы толық атауы: Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Биосфера, экожүйе, популяция. Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Тірі ағзаларды жүйелеу. Дихотомиялық кілттер
- Биология, 7-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова, Ж. Алина)2-бөлім. Тірі ағзаларды жүйелеу — §8. Жүйелеудің маңызы; §9. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері; §10. Дихотомиялық кілттер және олардың қолданылуы
- Биология, 7-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева)2-тарау. Тірі организмдерді жүйелеу — §9. Жүйелеудің маңызы; §10. Тірі организмдердің патшалықтарына жалпы сипаттама; §11. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер; §12. Өсімдіктер мен жануарларды анықтауда дихотомиялық анықтамалықтарды қолдану
Өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары. Бинарлы номенклатура
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)3-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі — §6. Өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері; §7. Саңырауқұлақтар – тірі ағзалардың ерекше патшалығы; §8. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер; §9. Жануарлардың басым типтері мен олардың кластары
- Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)2-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Биосфера және экожүйе — §3. Әртүрлі түрлерді сипаттау үшін бинарлы номенклатураны қолдану
Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар
- Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)9. Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі организмдердің көптүрлілігі — §88. Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері; §89. Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар; §91. Кладограмма құрастыру. Модельдеу; §92. Филогенетикалық карталардың түрлі формалары. Кладограмма мен филогенетикалық ағаштың айырмашылығы; §93. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы
- Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)10-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі — §41. Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері; §42. Кладограммалар және филогенетикалық шежіре
Экожүйелер: экологиялық факторлар, қоректік тізбек пен тор, сукцессия, экологиялық пирамидалар
- Биология, 7-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова, Ж. Алина)1-бөлім. Экожүйелер — §1. Экологиялық факторлар; §2. Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік тор; §3. Экологиялық сукцессия. Экожүйелердің алмасуы
- Биология, 7-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева)1-тарау. Экожүйелер — §1. Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе организмдерінің тіршілігі мен таралуына әсері; §2. Табиғи қоректік тізбек; §3. Қоректік торлар; §4. Экологиялық сукцессия
- Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)2-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Биосфера және экожүйе — §5. Экожүйедегі энергия тасымалдау; §6. Биосферадағы биохимиялық үдерістер – заттар айналымы
- Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 11-сынып (Н.Т. Абылайханова, А.М. Қалыбаева, А.М. Пәрімбекова)11. Биосфера, экожүйе, популяция — §57. Экологиялық пирамидалар; §58. Трофикалық деңгейлер; §60. Модельдеу. Қоректік тізбектерде энергияның тасымалдануының сызбасын құрастыру
Популяция. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы және бейімделуі
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)13-бөлім. Биосфера, экожүйе, популяция — §54. Экожүйелердің құрамбөліктері. Су және құрлық экожүйелері; §55. Популяция – оның экологиялық сипаттамасы; §56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері; §57. Тірі ағзалардың бір-біріне жағымсыз әсерлері; §58. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі
- Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)2-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Биосфера және экожүйе — §4. Популяцияның өсуі, өсудің қисық сызығы
- Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 11-сынып (Н.Т. Абылайханова, А.М. Қалыбаева, А.М. Пәрімбекова)11. Биосфера, экожүйе, популяция — §59. Қарым-қатынас түрлері; §61. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу; §62. Түрлердің алуантүрлілігі; §63. Харди-Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы; §65. Жергілікті экожүйедегі организмдердің саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану; §66. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы
- Биология (ҚГБ), 2-бөлім, 11-сынып (А.Ф. Ковшарь, Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, С.А. Куприй)XI бөлім. Биосфера, экожүйе, популяция — §48. Биоалуантүрлілік және экожүйе тұрақтылығы арасындағы өзара байланыс. Түрлердің биоалуантүрлілігі; §49. Харди-Вайнберг генетикалық тепе-теңдік заңы; §51. Экожүйенің жағдайын талдағанда түрлі биологиялық және статистикалық әдістерді пайдалану
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері. ЕҚТА, Қызыл кітап, ғаламдық жылыну, Қазақстанның экологиялық мәселелері
- Биология, 7-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова, Ж. Алина)1-бөлім. Экожүйелер — §4. Адам – экожүйенің бөлігі; §5. Қазіргі адам іс-әрекетінің экожүйеге әсері; §6. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары; §7. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)14-бөлім. Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері — §59. Адамның табиғаттағы рөлі; §60. Қазақстанның экологиялық мәселелері
- Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)3-бөлім. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері — §7. Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері; §8. Пестицидтердің қоршаған орта және адам денсаулығына әсер етуі; §9. Жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы және олардың салдары
- Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 11-сынып (Н.Т. Абылайханова, А.М. Қалыбаева, А.М. Пәрімбекова)11. Биосфера, экожүйе, популяция; 12. Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері — §64. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау; §67. Ғаламдық жылыну себептері; §68. Ғаламдық жылынудың себептері, салдарлары және шешу жолдары; §70. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары
- Биология (ҚГБ), 2-бөлім, 11-сынып (А.Ф. Ковшарь, Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, С.А. Куприй)XI бөлім. Биосфера, экожүйе, популяция; XII бөлім. Экология және адамның қоршаған ортаға әсері — §50. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау; §52. Ғаламдық жылыну: себептері, салдары, шешу жолдары; §53. Қазақстанның экологиялық проблемалары; §56. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын шешу жолдары
Оқу бағдарламасының мақсаттары (44)
- жүйелеудің маңызын түсіндіру
- жүйеленуде тірі ағзалардың орынын анықтау
- омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау
- жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
- балдырлар мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
- саңырауқұлақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау
- даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер кластарын негізгі белгілеріне қарай ажырату
- буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
- әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
- өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
- Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау
- филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және (интерпретациялау) түсіндіріп беру
- әр алуан филогенетикалық карталардың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру
- жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
- табиғи қоректік тізбектерді салыстыру
- қоректік тізбекті және қоректік торларды құру
- экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
- экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау
- су және құрлық экожүйелерін салыстыру
- популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
- ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу
- жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату
- тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
- тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
- популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау
- энергия ағымының тиімділігін есептеу
- энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру
- азот пен көміртек айналымының табиғаттағы сызбасын құру
- экологиялық пирамида ережесін түсіндіру
- экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату
- өз аймақтың экожүйесін статистикалық талдау әдістерін (Стьюденттің t-критерийі, c2-критерий) қолданып зерттеу
- адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
- экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің шаруашылық салаларынан мысалдар келтіру
- Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
- Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жергілікті өңірдің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
- биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеу
- Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
- Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
- пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру
- жылыжай эффектісінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру
- озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру
- мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау
- Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқып білу және шешу жолдарын ұсыну
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Биология» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) — каз (ҰТО, testcenter.kz).