Биология · ҰБТ-2026 · 2-тақырып / 12
Қоректену
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Фотосинтезге қажетті жағдайлар
- Биология, 7-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова, Ж. Алина)5-бөлім. Тірі ағзалардың қоректенуі — §22. Жапырақтың құрылысы мен қызметі; §23. Фотосинтезге қажетті жағдайлар
- Биология, 7-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева)5-тарау. Тірі организмдердің қоректенуі — §25. Жапырақтың құрылысы және қызметі; §26. Фотосинтезге қажетті жағдайлар
Жануарлар мен адамның асқорыту жүйесі. Тістер. Асқазан-ішек аурулары
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)4-бөлім. Қоректену — §10. Жануарлардың асқорыту жүйесі; §11. Тістердің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы; §12. Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы; §13. Асқазан-ішек жолдарының аурулары және тамақтану гигиенасы
Дәрумендер және олардың маңызы
- Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)4-бөлім. Қоректену — §14. Дәрумендер – олардың сипаттамасы және оларды жіктеу; §15. Адам ағзасы үшін негізгі дәрумендердің маңызы
Асқорыту ферменттері және олардың белсенділігіне әсер ететін факторлар
- Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)4-бөлім. Қоректену — §10. Асқорыту үдерісі және ферменттердің рөлі; §11. Ферменттердің әсер ету механизмі; §12. Өт әсерінен майлардың эмульгациялануы
- Биология (ЖМБ), 1-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)Қоректену — §31. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар мен жағдайлар
Фотосинтездің жарық және қараңғы кезеңдері. C3 және C4 өсімдіктер. Хемосинтез
- Биология (ЖМБ), 1-бөлім, 11-сынып (Н.Т. Абылайханова, А.М. Қалыбаева, А.М. Пәрімбекова)2. Қоректену — §6. Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері; §7. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні; §8. Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану; §9. Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі; §10. C3 және C4 өсімдік жапырақтарының анатомиясы; §11. Мезофилл жасушаларында көмірқышқыл газының фиксациялаудың ерекшеліктері көмірқышқыл газының акцепторлары; §12. Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура; §13. Хемосинтез. Хемосинтез бен фотосинтез процестерін салыстыру
- Биология (ҚГБ), 1-бөлім, 11-сынып (А.Ф. Ковшарь, Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, С.А. Куприй)II бөлім. Қоректену — §6. Хлоропластың құрылымдық құрамбөліктері және олардың қызметтері; §7. Фотосинтездің жарық фазасы. Фотофосфорлау; §8. Фотосинтездің қараңғы фазасы. Кальвин циклі; §9–10. Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар; §11. Хемосинтез; §12. Фотосинтез және хемосинтез үдерістерін салыстыру
Оқу бағдарламасының мақсаттары (19)
- жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру
- фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу
- омыртқасыздар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
- әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланысын және тісті күту ережелерін сипаттау
- адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру
- ас қорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану белгілерін анықтау
- адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
- құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
- азықтүлік құрамындағы С дәруменін анықтау
- адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау
- ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату
- ферменттердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі жағдайларды (температура, pН) зерттеу
- өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу
- әр түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсерін түсіндіру (температура, pH, субстрат концентрациясы, ингибитор)
- хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
- фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
- фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
- фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру
- фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Биология» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) — каз (ҰТО, testcenter.kz).