Математика · ҰБТ-2026 · 2-тақырып / 18
Дәрежелерге амалдар қолдану
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
- Математика, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)2-тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі — §13. Дәреже
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)1-тарау. Бүтін көрсеткішті дәреже — §1. Натурал көрсеткішті дәреже; §2. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту; §3. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу. Көрсеткіші нөлге тең дәреже; §4. Дәрежені дәрежеге шығару; §5. Көбейтіндіні және бөліндіні дәрежеге шығару
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)1-тарау. Бүтін көрсеткішті дәреже — §6. Бүтін көрсеткішті дәреже; §7. Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Санның стандарт түрі. Дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)1-тарау. Бүтін көрсеткішті дәреже — §8. Санның стандарт түрі. Үлкен және кіші шамаларға берілген мәтін есептерді шешу; §9. Дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру
Рационал (және иррационал) көрсеткішті дәреже
- Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ), 11-сынып (А. Әбілқасымова, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)III тарау. Дәреже және түбір. Дәрежелік функция — §10. Рационал және иррационал көрсеткішті дәрежелер
Санның логарифмі және оның қасиеттері
- Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ), 11-сынып (А. Әбілқасымова, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)VI тарау. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар — §20. Санның логарифмі және оның қасиеттері
Оқу бағдарламасының мақсаттары (22)
- натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу
- бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу
- натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу
- санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау
- натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану
- нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу
- бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету
- көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу
- санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану
- сандарды стандарт түрде жазу
- алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану
- стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдану
- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігін және ретін табу
- стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру
- шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу
- шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу
- жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу
- калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау
- рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін білу
- алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану
- сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу
- логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Математика» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).