Математикалық сауаттылық · ҰБТ-2026 · 8-тақырып / 10
Геометриялық мазмұндағы логикалық есептер және геометриялық мазмұндағы стандартты емес…
Спецификациядағы толық атауы: Геометриялық мазмұндағы логикалық есептер және геометриялық мазмұндағы стандартты емес тапсырмалар
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Бұрыш және оның градустық өлшемі. Көпбұрыш
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)8-тарау. Бұрыш. Көпбұрыш — §50. Бұрыш; §51. Көпбұрыш
Фигураларды қиюға және құрастыруға берілген есептер. Тең шамалас фигуралар
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)10-тарау. Кеңістік фигураларының жазбалары — §55. Фигураларды қиюға және құрастыруға берілген есептер
Масштаб. Карта, жоспар, сызбамен жұмыс
- Математика, 1-бөлім, 6-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)1-тарау. Қатынас және пропорция — §5. Масштаб
Координаталық жазықтық. Осьтік және центрлік симметрия
- Математика, 2-бөлім, 6-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)6-тарау. Координаталық жазықтық — §42. Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі; §43. Центрлік және осьтік симметрия
Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастар, үшбұрыш теңсіздігі. Пифагор теоремасы
- Геометрия, 7-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)2-тарау. Үшбұрыштар — §12. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастар
- Геометрия, 8-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (2-тарау) — §14 (Пифагор теоремасы)
Ұқсас фигуралар. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілері
- Геометрия, 9-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)2-тарау. Жазықтықтағы түрлендірулер — §13. Фигуралардың ұқсастығы. Гомотетия; §14. Үшбұрыштардың ұқсастығының белгілері
Оқу бағдарламасының мақсаттары (17)
- бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру
- бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық )
- көпбұрыш ұғымын меңгеру
- бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару
- фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару
- масштаб ұғымын меңгеру
- картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану
- координаталық жазықтық ұғымын меңгеру
- координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу
- осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру
- осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату
- үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану
- үш- бұрыш теңсіздігін білу және қолдану
- Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану
- ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу
- үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану
- ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын білу
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Математикалық сауаттылық: барлық тақырыптар
Дереккөз: «Математикалық сауаттылық» бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап қолдану үшін) (ҰТО, testcenter.kz).