Математикалық сауаттылық · ҰБТ-2026 · 7-тақырып / 10
Тізбектерді қолдануға берілген логикалық тапсырмалар
Спецификациядағы толық атауы: Тізбектерді қолдануға берілген логикалық тапсырмалар. Кестедегі ақпараттарды талдай білуге берілген логикалық тапсырмалар
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Натурал сандар тізбегі: заңдылықты анықтау, жетіспейтін мүшені табу
- Математика, 1-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)1-тарау. Натурал сандар және нөл саны — §9. Натурал сандардың тізбегі
Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)5-тарау. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану — §42. Мәтінді есептерді шығару
Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері
- Алгебра, 1-бөлім, 9-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)III тарау. Тізбектер — §12. Сандар тізбегі, оның түрлері, берілу тәсілдері және қасиеттері
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар. Прогрессияларға мәтінді есептер
- Алгебра, 1-бөлім, 9-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)III тарау. Тізбектер — §13. Арифметикалық прогрессия. n-ші мүшесінің формуласы; §14. Алғашқы n мүшесінің қосындысы; §15. Геометриялық прогрессия. n-ші мүшесінің формуласы; §16. Алғашқы n мүшесінің қосындысы
Функцияны (тәуелділікті) кестемен беру. Кестені оқу және құру
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)3-тарау. Функция. Функцияның графигі — §20. Функцияны кестемен беру тәсілі
- Математика, 2-бөлім, 6-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)9-тарау. Шамалар арасындағы тәуелділіктер — §48. Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері
Кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу; кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)9-тарау. Диаграмма — §53. Диаграмма. Статистикалық мәліметтерді диаграммалар көмегімен кескіндеу
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)4-тарау. Статистика элементтері — §29. Абсолюттік жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі
Оқу бағдарламасының мақсаттары (17)
- натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау
- натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу
- натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу
- бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
- бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу
- сандар тізбегі туралы түсінік болу
- тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:
- сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату
- арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
- геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
- арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару
- геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару
- функцияның берілу тәсілдерін білу
- формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру
- кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу
- кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру
- кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Математикалық сауаттылық: барлық тақырыптар
Дереккөз: «Математикалық сауаттылық» бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап қолдану үшін) (ҰТО, testcenter.kz).