Boytumar

Математика · ҰБТ-2026 · 17-тақырып / 18

Кеңістіктегі метрикалық қатыстар

ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді

Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.

  1. Кеңістіктегі арақашықтықтар мен бұрыштар: үш перпендикуляр туралы теорема, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш, екіжақты бұрыш

    • Геометрия (ЖМБ), 10-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)II тарау. Кеңістіктегі перпендикулярлық — §10, §12–§14 (арақашықтықтар); §16. Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш; §17. Екіжақты бұрыш
  2. Тікбұрышты параллелепипед. Ортогональ проекцияның ауданы

    • Геометрия (ЖМБ), 10-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)I, II тарау — §3. Тетраэдр, куб, параллелепипед; §19. Ортогональ проекцияның ауданы
  3. Көпжақтардың бүйір және толық бетінің аудандары

    • Геометрия (ЖМБ), 11-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)I тарау. Көпжақтар — §1. … Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары; §2. … Пирамиданың, қиық пирамиданың … аудандары
  4. Айналу денелерінің беттерінің аудандары

    • Геометрия (ЖМБ), 11-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)III тарау. Айналу денелері және олардың элементтері — §12–§14 (бүйір және толық бетінің аудандары); §17. Сфераның және оның бөліктерінің аудандары
  5. Денелердің көлемдері

    • Геометрия (ЖМБ), 11-сынып (В. Смирнов, Е. Тұяқов)V тарау. Денелердің көлемдері — §23. Жалпы қасиеттері; §24. Призма; §25. Цилиндр; §26. Пирамида және қиық пирамида; §27. Конус және қиық конус; §28. Шар және оның бөліктері
Оқу бағдарламасының мақсаттары (26)

Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер

ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.

Дереккөз: «Математика» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).