Қазақ әдебиеті · ҰБТ-2026 · 7-тақырып / 30
Ш…
Спецификациядағы толық атауы: Ш. Қанайұлы «Зар Заман», С. Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы», М. Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай», Дулат Бабатайұлы "О,Ақтан жас, Ақтан жас"
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
- Қазақ әдебиеті, 7-сынып (С. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова)Толғауы тоқсан қызыл тіл — Зар заман
Сүйінбай Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»
- Қазақ әдебиеті, 7-сынып (С. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова)Толғауы тоқсан қызыл тіл — Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа»
- Қазақ әдебиеті, 8-сынып (А. Ақтанова, А. Жүндібаева, Л. Жұмекенова)Көркем әдебиет және эпикалық сарын — Мұрат Мөңкеұлы; Үш қиян; Сарыарқа
Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»
- Қазақ әдебиеті, 9-сынып (С. Тұрсынғалиева, Г. Рыскелдиева)II тарау. Тарихи шындық пен көркемдік шешім — Нысанбай жырау (1822–1883)
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
- Қазақ әдебиеті, 5-сынып (С. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова)Тәрбиенің қайнар бұлағы — Дулат Бабатайұлы; О, Ақтан жас, Ақтан жас
Оқу бағдарламасының мақсаттары (20)
- әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
- әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
- көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
- шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
- шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
- әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
- әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
- көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
- шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
- кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
- әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
- әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
- көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
- шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
- шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
- әдеби шығармадағы психологизмді анықтау
- көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
- шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру
- шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Қазақ әдебиеті: барлық тақырыптар
Дереккөз: «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап), 2026/04 редакциясы (ҰТО, testcenter.kz).