Boytumar

Химия · ҰБТ-2026 · 18-тақырып / 19

Әрекеттесуші массалар заңына, параллель жүретін реакциялар теңдеулері, теориялық…

Спецификациядағы толық атауы: Әрекеттесуші массалар заңына, параллель жүретін реакциялар теңдеулері, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеуге, кинетикаға, олеумге, орынбасу реакциялары бойынша есептеулер (пластинка), қоспаларға, электролизге есептер шығару

ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді

Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.

  1. Зат мөлшері, мольдік масса, мольдік көлем, массалық үлес. Стехиометриялық заңдар

    • Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Зат мөлшері — §15. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны; §16. Мольдік масса
    • Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)V тарау. Стехиометриялық есептеулер — §18. Авогадро заңы. Мольдік көлем
    • Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §19. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары; §20–22. ... масса; Зат мөлшері; Авогадро заңы
  2. Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Біреуі артық алынған заттар. Әрекеттесуші массалар заңы

    • Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)V тарау. Стехиометриялық есептеулер — §17. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
    • Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)II тарау. Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы — §13. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық болған жағдайда реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
    • Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §27. Бастапқы заттардың біреуі артық мөлшерде алынғандағы реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу
  3. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымы

    • Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §35. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық, көлемдік үлестері
    • Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §25. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу
  4. Қоспалар мен ерітінділерге есептер: массалық үлес, молярлық концентрация

    • Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)X тарау. Ерітінділер және ерігіштік — §41. Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу әдістері
    • Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Металдар мен құймалар — §24. Химиялық реакция теңдеуі бойынша қоспа құрамындағы заттың массасын анықтауға есептер шығару
    • Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §23. Молярлық концентрация; §26. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын (көлемін) реакция теңдеуі бойынша есептеу
  5. Параллель реакциялар, олеум, орынбасу реакциялары (пластинка) бойынша есептер

    • Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 14 (IVA) топ элементтері — §39. Параллель жүретін реакцияларға есептер шығару
    • Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §49. Олеумге есептер шығару
  6. Электролизге есептер

    • Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары — §50. Электролиз; §51. Балқымалар мен ерітінділердің электролизі
Оқу бағдарламасының мақсаттары (20)

Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер

ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.

Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).