Химия · ҰБТ-2026 · 19-тақырып / 19
Жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формуларын анықтау, параллель жүретін…
Спецификациядағы толық атауы: Жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формуларын анықтау, параллель жүретін реакциялар теңдеулері, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеуге, кинетикаға, қоспаларға есептер шығару
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Газ тектес заттың формуласын салыстырмалы тығыздығы және элементтердің массалық үлесі бойынша анықтау
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)X тарау. Органикалық химияға кіріспе — §54. Газ тектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздығы және элементтердің массалық үлестері бойынша анықтау
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §24. Құрамындағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың эмпирикалық және молекулалық формуласын құрастыру
Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)XII тарау. Органикалық химияға кіріспе — §69. Жану өнімдерінің массасы (көлемі) бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау
Параллель жүретін реакциялар бойынша есептер
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 14 (IVA) топ элементтері — §39. Параллель жүретін реакцияларға есептер шығару
Органикалық синтездегі өнімнің шығымы
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §25. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VII тарау. Органикалық синтез — §36. Органикалық заттардың генетикалық байланысы
Кинетикаға есептер (Вант-Гофф ережесі, әрекеттесуші массалар заңы)
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Кинетика — §35. Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері; §38. Вант-Гофф ережесіне есептер
Қоспаларға есептер
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Стехиометрия — §26. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын (көлемін) реакция теңдеуі бойынша есептеу
Оқу бағдарламасының мақсаттары (8)
- теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу
- қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу
- әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу
- берілген жану өнімдері бойынша заттың гомологтық қатары бойынша молекулалық формуласын анықтау
- параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару
- қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау
- қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
- газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық немесе элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).