Химия · ҰБТ-2026 · 10-тақырып / 19
16 (VI) топ элементтері және оның қосылыстары. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Оттек. Озон. Аллотропия
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VII тарау. Сутек. Оттек және озон — §26. Оттек; §27. Оттектің қасиеттері; §28. Оттектің қолданылуы; §29. Озон. Аллотропия
16(VIA) топ элементтері. Табиғаттағы күкірт және оны алу
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §31. 16(VIA) топ элементтері; §32. Табиғаттағы күкірт және оны алу
Күкірттің қосылыстары: күкіртсутек, сульфидтер, күкірт диоксиді. Қышқыл жаңбырлар
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §33. Күкірттің қосылыстары
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §47. Күкіртсутек және сульфидтер; §48. Күкірт диоксиді, оның қоршаған ортаға зиянды әсері және қолданылуы
Күкірт қышқылы және оның тұздары
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §34. Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §51. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру
Олеумге және тізбектеле жүретін реакцияларға есептер
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §49. Олеумге есептер шығару; §50. Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Оқу бағдарламасының мақсаттары (18)
- күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру
- сульфид-ионының сапалық реакциясын білу
- атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау
- тағам өнеркәсібінде күкірт (IV) оксидін қолданылу аймағын атау
- күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру
- күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіру
- күкірт қышқылының қолдану аймағын атау
- тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
- олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару
- ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу
- оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
- оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру
- Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
- 16 (VI) топ элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау
- күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
- күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру
- күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
- қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
- Металдар және бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Металдар өндірісі
- 1(I), 2 (II), 3 (III) топ элементтері және оның қосылыстары
- 14 (IV) топ элементтері және оның қосылыстары
- 15 (V) топ элементтері және оның қосылыстары
- 17 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары
- Ауыспалы элементтер және оның қосылыстары. Кешенді қосылыстар
Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).