Химия · ҰБТ-2026 · 9-тақырып / 19
15 (V) топ элементтері және оның қосылыстары
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Азот. Аммиак. Аммоний тұздары
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §36. 15(VA) топ элементтері. Азот; §37. Аммиак
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §42. Азот молекуласының құрылымы мен қасиеттері; §43. Аммиак және аммоний тұздары
Азот қышқылы және нитраттар
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §38. Азот қышқылы; §39. Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
Фосфор. Ортофосфор қышқылы және оның тұздары
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §40. Фосфор; §41. Ортофосфор қышқылы. Ортофосфор қышқылының тұздары
Минералды (азот, фосфор) тыңайтқыштар және оларды өндіру
- Химия. 2-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VIII тарау. 17(VIIA), 16(VIA), 15(VA), 14(IVA) топ элементтері және олардың қосылыстары — §42. Минералды тыңайтқыштар
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §45. Азот тыңайтқыштарын өнеркәсіптік өндіру
Аммиакты өнеркәсіптік өндіру. Азот қосылыстарының экологияға әсері
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Азот және күкірт — §44. Аммиакты өнеркәсіптік өндіру; §46. Азот оксидтерінің және нитраттардың экологияға әсері
Оқу бағдарламасының мақсаттары (20)
- аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру
- газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру
- азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісін түсіндіру
- азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау
- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну
- аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру
- азот қышқылының молекулалық, формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру
- азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
- аммиакты алу және қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру
- аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу
- азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру
- азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
- сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металдармен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және электронды баланс әдісімен реакция теңдеуін құрастыру
- нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
- фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру
- фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
- фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау
- минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді білу
- азот және фосфор тыңайтқыш-тарының қоршаған ортаға әсерін оқып білу
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
- Металдар және бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Металдар өндірісі
- 1(I), 2 (II), 3 (III) топ элементтері және оның қосылыстары
- 14 (IV) топ элементтері және оның қосылыстары
- 16 (VI) топ элементтері және оның қосылыстары. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу
- 17 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары
- Ауыспалы элементтер және оның қосылыстары. Кешенді қосылыстар
Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).