Химия · ҰБТ-2026 · 6-тақырып / 19
Металдар және бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Металдар өндірісі
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар; генетикалық байланыс
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)XI тарау. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс — §42–43. Оксидтер...; §44–45. Қышқылдар...; §46–47. Негіздер...; §48–49. Тұздар...; §50. ... генетикалық байланыс
Металдардың белсенділігі: оттекпен, сумен, қышқылдармен, тұздармен әрекеттесуі. Белсенділік қатары. Коррозия
- Химия, 7-сынып (М. Оспанова, Т. Белоусова, Қ. Аухадиева)V тарау. Химиялық реакциялар — §12. Қышқылдардың химиялық қасиеттері
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)III тарау. Металдар белсенділігін салыстыру — §11–13. Металдардың оттекпен және сумен, қышқыл ерітінділерімен, тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; §14. Металдардың жемірілуі және оның алдын алу
Металдардың жалпы сипаттамасы. Металдық байланыс. Құймалар
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Металдар мен құймалар — §21. Металдардың жалпы сипаттамасы; §23. Металдар құймалары
Металдарды алу: кендер, пиро-, гидро- және электрометаллургия
- Химия, 7-сынып (М. Оспанова, Т. Белоусова, Қ. Аухадиева)IX тарау. Геологиялық химиялық қосылыстар — §21. Кен және металдарды алу
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Металдар мен құймалар — §22. Металдарды алу
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)XI тарау. Металдар өндірісі — §58. Металдарды өндіру
Құймаларды алу. Шойын және болат өндіру. Электролиз, гальваностегия және гальванопластика
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)XI тарау. Металдар өндірісі — §59. Құймаларды алу; §60. Шойын өндіру; §61. Болат өндіру; §62. Электролизді өнеркәсіпте қолдану; §63. Гальваностегия және гальванопластика
Химиялық өндірістің ғылыми принциптері. Қайта өңдеу. Металл өндірісінің экологиялық мәселелері
- Химия. 2-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)XI тарау. Металдар өндірісі — §64. Химиялық өндірістің ғылыми принциптері; §65. Қайта өңделетін материалдар; §66. Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары
Оқу бағдарламасының мақсаттары (31)
- металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
- ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын білу: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий
- шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау
- металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру
- гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату
- коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу
- химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау
- материалдарды екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу
- металлургия өнеркәсібінің экологиялық проблемаларын түсіндіру
- сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
- металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
- кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу
- белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау
- металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу
- қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
- металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
- металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
- эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру
- металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
- оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
- тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
- металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу
- металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
- құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарын түсіндіру
- шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
- Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру процестерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- кеннен металды алу үдерісін сипаттау
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
- 1(I), 2 (II), 3 (III) топ элементтері және оның қосылыстары
- 14 (IV) топ элементтері және оның қосылыстары
- 15 (V) топ элементтері және оның қосылыстары
- 16 (VI) топ элементтері және оның қосылыстары. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу
- 17 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары
- Ауыспалы элементтер және оның қосылыстары. Кешенді қосылыстар
Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).