Boytumar

Биология · ҰБТ-2026 · 10-тақырып / 12

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары. Селекция негіздері. Эволюциялық даму

ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді

Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.

  1. Тұқым қуалаушылық негіздері: ДНҚ, ген, хромосома. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілер

    • Биология, 7-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова, Ж. Алина)10-бөлім. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік — §48. Белгілердің тұқымқуалаудағы ДНҚ-ның рөлі; §49. ДНҚ, гендер және хромосомалар, олардың құрылымы; §50. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілер
    • Биология, 7-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева)10-тарау. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік — §50. Адам организміндегі тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгерістер; §51. Белгілерді анықтауда гендердің рөлі; §52. Хромосомалардағы ДНҚ — генетикалық материалдың рөлі
  2. Мендель заңдары. Моно- және дигибридті будандастыру. Жыныспен тіркескен тұқым қуалау. Қан топтары. Шежіре

    • Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)12-бөлім. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §33. Г. Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылығы; §34. Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру; §35. Дигибридті будандастыру; §36. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі: белгілердің толық және толымсыз доминанттылығы. Талдаушы шағылыстыру және оның практикалық маңызы; §37. Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару; §38. Жыныс генетикасы, оны анықтау механизмдері; §39. Гемофилия және дальтонизм – жыныспен тіркес тұқым қуалау мысалдары; §40. Адам қан топтарының тұқым қуалау заңдылықтары және резус-факторы; §41. Адам генетикасы және оның зерттеу әдістері; §42. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алу. Генеалогиялық шежіре құрастыру
    • Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)8. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §69. Тұқымқуалаушылық белгілерінің цитологиялық негізі; §70. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы; §71. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау; §72. Көпаллельділік есептер шығару; §73. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы; §74. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарының бұзылуы; §75. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі; §76. Эпистаз. Комплементарлық. Полимерия
    • Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)7-бөлім. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §31. Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. Есептер шығару; §32. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Есептер шығару; §33. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әсерін салыстыру. Көп аллельділік
  3. Өзгергіштік: модификациялық және мутациялық. Хромосомалық аурулар. «Адам геномы»

    • Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)8. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §67. Модификациялық өзгергіштік; §68. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар; §77. Хуго Де Фриздің мутация туралы теориясы. Кенеттен және индукцияланған мутациялар; §78. Нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар; §79. Адам хромосома жиынтығының кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу; §80. Адамда хромосома санының ауытқуына байланысты болатын хромосомалық аурулар
    • Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)7-бөлім. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §30. Модификациялық өзгергіштік; §34. Мутациялар, олардың түрлері; §35. Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялардың сипаттамасы
    • Биология (ЖМБ), 1-бөлім, 11-сынып (Н.Т. Абылайханова, А.М. Қалыбаева, А.М. Пәрімбекова)7. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §32. Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық процестердің қателіктері; §33. Белгілердің тұқым қуалауының нақтылығын талдаудың статистикалық әдістері (χ² өлшем, t өлшем); §34. «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-сын секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы
    • Биология (ҚГБ), 2-бөлім, 11-сынып (А.Ф. Ковшарь, Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, С.А. Куприй)VII бөлім. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары — §25. Дезоксирибонуклеин қышқылының тосын мутациялары – генетикалық үдеріс – репликация қатесі; §26. Дезоксирибонуклеин қышқылының тосын мутациялары – генетикалық үдеріс – рекомбинация қатесі; §27. Адамның геномдық дезоксирибонуклеин қышқылын секвенирлеу; §28. «Адам геномы» атты әлемдік жоба. Жоба шегінде жүргізілген биологиялық зерттеулердің маңызы
  4. Селекция: қолдан сұрыптау, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары, селекция әдістері

    • Биология, 8-сынып (А. Соловьева, Б. Ибраимова)12-бөлім. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары — §50. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары; §51. Қолдан сұрыптау; §52. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары; §53. Қазақстандағы селекция жетістіктері
    • Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)12-бөлім. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары — §43. Заманауи ауылшаруашылық технологиялары және өнімділігі жоғары ауылшаруашылықты енгізудің баламалы жолдары
    • Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)9. Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі организмдердің көптүрлілігі — §97. Селекция ғылымына жалпы шолу. Селекция әдістері; §98. Селекция әдістері арқылы өсімдіктер іріктемелері мен жануарлар қолтұқымдарын жақсарту. Гибридизация. Полиплоидия. Жасанды мутагенез
    • Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)9-бөлім. Селекция негіздері — §40. Ауылшаруашылығындағы заманауи технологиялар
  5. Эволюциялық ілім: Ламарк, Дарвин, эволюцияның қозғаушы күштері, дәлелдемелері, түр түзілу

    • Биология, 9-сынып (Н. Асанов, А. Соловьева, Б. Ибраимова)16-бөлім. Эволюциялық даму — §52. Жерде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері; §53. Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы; §54. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары; §55. Эволюцияның заманауи теориясының пайда болуы; §56. Тіршілік үшін күрестің түрлері, тұраралық, абиотикалық күрес; §57. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштік (мутациялық, комбинативтік) рөлі; §58. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы); §59. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде бейімделу; §60. Түр, оның критерийлері мен құрылымы; §61. «Түртүзілу» ұғымы, оның формалары мен механизмдері
    • Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)9. Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі организмдердің көптүрлілігі — §81. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) пен эволюция арасындағы өзара байланыс; §82. Тұқым қуалайтын өзгергіштік — эволюция негізі; §83. Комбинативтік өзгергіштік. Мутация; §84. Табиғи сұрыптау. Тіршілік үшін күрес; §85. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар; §86. Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық, эмбриологиялық, палеонтологиялық дәлелдемелері; §87. Эволюцияның биогеографиялық, биохимиялық дәлелдемелері; §94. Түр түзілу. Түр түзілу механизмдері; §95. Түр түзілудің оқшауланушы механизмі; §96. Түр түзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридтену
    • Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)8-бөлім. Эволюциялық даму — §36. Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюцияның арасындағы өзара байланыс; §37. Эволюцияның дәлелдемелері; §38. Түр түзілудің механизмдері
  6. Антропогенез кезеңдері

    • Биология (ЖМБ), 2-бөлім, 10-сынып (Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нұртаева)9. Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі организмдердің көптүрлілігі — §99. Антропогенез кезеңдері. Протоантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар
    • Биология (ҚГБ), 10-сынып (Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова)8-бөлім. Эволюциялық даму — §39. Антропогенездің кезеңдері
Оқу бағдарламасының мақсаттары (40)

Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер

ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.

Дереккөз: «Биология» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) — каз (ҰТО, testcenter.kz).