Математикалық сауаттылық · ҰБТ-2026 · 5-тақырып / 10
Статистикалық кесте, алқап, гистограмма
Спецификациядағы толық атауы: Статистикалық кесте, алқап, гистограмма. Жиындар теориясы және логика элементтері. Комбинаторика негіздері. Ықтималдықтар теориясының негіздері
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Абсолюттік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі. Жиілік алқабы (оқулықта «жиілік полигоны»)
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)4-тарау. Статистика элементтері — §29. Абсолюттік жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі; §30. Жиілік полигоны
Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмма. Жинақталған жиілік
- Алгебра, 8-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова, В. Корчевский)Статистика элементтері (4-тарау) — §15. Интервалдық кесте. Гистограмма; §16. Жинақталған жиілік
Жиын, оның элементтері. Ішкі жиын. Жиындардың бірігуі мен қиылысуы. Эйлер–Венн диаграммасы
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)6-тарау. Жиын — §43. Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу; §44. Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын; §45. Жиындардың бірігуі мен қиылысуы; §46. Мәтінді есептерді шығару
Комбинаторикалық есептер: іріктеу тәсілі; қосынды және көбейтінді ережелері
- Математика, 2-бөлім, 6-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)8-тарау. Статистика. Комбинаторика — §47. Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Комбинаторикалық есептерді шығару
- Алгебра, 1-бөлім, 9-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)II тарау. Комбинаторика элементтері — §7. Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (Қосынды ережесі және көбейтінді ережесі)
Санның факториалы. Орналастырулар, алмастырулар, терулер
- Алгебра, 1-бөлім, 9-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)II тарау. Комбинаторика элементтері — §8. Санның факториалы. Орналастырулар мен алмастырулар; §9. Қайталанбайтын терулер. Комбинаториканың негізгі формулалары; §10. Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару
Оқиға және оның түрлері. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамалары
- Алгебра, 2-бөлім, 9-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)V тарау. Ықтималдықтар теориясының элементтері — §30. Оқиға және оның түрлері; §31. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Статистикалық ықтималдық; §32. Геометриялық ықтималдық
Оқу бағдарламасының мақсаттары (28)
- нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу
- статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету
- таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету
- кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру
- таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету
- кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау
- таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру
- жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру
- жинақталған жиілік анықтамасын білу
- статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау
- жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру
- жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу
- берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін [ТУП-та сурет түріндегі] символдарды қолданып жазу
- ішкі жиын ұғымын меңгеру
- жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар)
- Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару
- жиындармен жұмыс істеуде [ТУП-та сурет түріндегі] символдарды қолдану
- іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару
- комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері)
- cанның факториалы анықтамасын білу
- қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу
- қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу
- қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару
- оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру
- элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату
- ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану
- ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу
- геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Математикалық сауаттылық: барлық тақырыптар
Дереккөз: «Математикалық сауаттылық» бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап қолдану үшін) (ҰТО, testcenter.kz).