Математикалық сауаттылық · ҰБТ-2026 · 1-тақырып / 10
Сандық өрнектермен берілген логикалық тапсырмалар
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Санды өрнектің мәні
- Математика, 1-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)1-тарау. Натурал сандар және нөл саны — §4. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Бөлінгіштік белгілері. ЕҮОБ және ЕКОЕ
- Математика, 1-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)2-тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі — §10. Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері; §12. 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері; §15. Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
Жай және ондық бөлшектерді салыстыру, оларға амалдар қолдану
- Математика, 1-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)3-тарау. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану — §22. Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)5-тарау. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану — §33. Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру; §40. Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сандарды дөңгелектеу. Санның жуық мәні
- Математика, 2-бөлім, 5-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)5-тарау. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану — §41. Сандарды дөңгелектеу
Рационал сандарды салыстыру және оларға арифметикалық амалдар қолдану
- Математика, 1-бөлім, 6-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)2-тарау. Рационал сандар және оларға амалдар қолдану — §10. Рационал сандарды салыстыру; §21. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Санның стандарт түрі. Үлкен және кіші шамалар, өлшем бірліктерін айналдыру
- Алгебра, 7-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)1-тарау. Бүтін көрсеткішті дәреже — §8. Санның стандарт түрі. Үлкен және кіші шамаларға берілген мәтін есептерді шешу
Оқу бағдарламасының мақсаттары (26)
- амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу
- санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану
- натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару
- натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу
- натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу
- жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
- ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік ұғымдарының анықтамаларын білу
- натурал сандардың бөлгіштерін табу
- натурал сандардың еселіктерін табу
- көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау
- қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау
- екі және одан артық сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселігін табу
- мәтінді есептерді шығаруда , ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті қолдану
- жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру
- ондық бөлшектерді салыстыру
- бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару
- санның жуық мәні ұғымын меңгеру
- ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу
- рационал сандарды салыстыру
- рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау
- рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару
- шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану
- сандарды стандарт түрде жазу
- шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу
- шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу
- өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Математикалық сауаттылық: барлық тақырыптар
Дереккөз: «Математикалық сауаттылық» бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап қолдану үшін) (ҰТО, testcenter.kz).