Математика · ҰБТ-2026 · 10-тақырып / 18
Сызықтық, квадрат және рационал теңсіздіктер
Спецификациядағы толық атауы: Сызықтық, квадрат және рационал теңсіздіктер. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер. Қарапайым иррационал теңсіздіктер. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңсіздіктер
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Санды теңсіздіктер, сан аралықтары. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік (модульмен қоса)
- Математика, 2-бөлім, 6-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова)5-тарау. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйесі — §32–§36, §38–§39
Квадрат теңсіздіктер
- Алгебра, 8-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова, В. Корчевский)5-тарау. Теңсіздіктер
Рационал теңсіздіктер (интервалдар әдісі)
- Алгебра, 8-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова, В. Корчевский)5-тарау. Теңсіздіктер
Тригонометриялық теңсіздіктер
- Алгебра және анализ бастамалары, 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (А. Әбілқасымова, Т. Кучер, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)4-тарау… — §21. Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу
- Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ), 10-сынып (Ә. Шыныбеков, Д. Шыныбеков, Р. Жұмабаев)3-бөлім… — 3.4. Тригонометриялық теңсіздіктер
Иррационал теңсіздіктер
- Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ), 11-сынып (А. Әбілқасымова, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)IV тарау… — §15. Иррационал теңсіздіктер
Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер
- Алгебра және анализ бастамалары (ЖМБ), 11-сынып (А. Әбілқасымова, В. Корчевский, З. Жұмағұлова)VII тарау… — §25. Көрсеткіштік теңсіздіктер; §26. Логарифмдік теңсіздіктер
Оқу бағдарламасының мақсаттары (17)
- тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану
- теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану
- сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану
- сан аралықтарды кескіндеу
- сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу
- kx > b, kx ≥ b, kx < b, kx ≤ b түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу
- алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді kx > b, kx ≥ b, kx < b, kx ≤ b, түріндегі теңсіздіктерге келтіру
- теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу
- теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу
- |x| > a,|x| ≥ a, |x| < a,|x| ≤ a теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу
- квадрат теңсіздіктерді шешу
- рационал теңсіздіктерді шешу
- қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу
- тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу
- иррационал теңсіздіктерді шеше алу
- көрсеткіштік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу
- логарифмдік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше білу
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Дереккөз: «Математика» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).