Химия · ҰБТ-2026 · 4-тақырып / 19
Кинетика. Химиялық тепе-теңдік
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Химиялық реакция жылдамдығы. Гомогенді және гетерогенді реакциялар
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)III тарау. Химиялық реакциялардың жылдамдығы — §14. Химиялық реакциялардың жылдамдығы
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Кинетика — §34. Химиялық реакция жылдамдығы
Концентрация мен қысымның әсері. Әрекеттесуші массалар заңы
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)III тарау. Химиялық реакциялардың жылдамдығы — §15. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Кинетика — §35. Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері
Температураның әсері. Вант-Гофф ережесі. Белсендіру энергиясы
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Кинетика — §36. Температураның реакция жылдамдығына әсері; §38. Вант-Гофф ережесіне есептер
Катализ. Өршіткілер мен тежегіштер
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)III тарау. Химиялық реакциялардың жылдамдығы — §16. Өршіткілер. Тежегіштер
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VI тарау. Кинетика — §37. Катализ
Қайтымды реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Қайтымды реакциялар — §17. Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VII тарау. Химиялық тепе-теңдік — §39. Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы; §42. Тепе-теңдік константасы мен тепе-теңдік концентрациялары тақырыбы бойынша есептеулер
Тепе-теңдіктің ығысуы (Ле Шателье принципі). Өнеркәсіптік процестердегі тепе-теңдік
- Химия. 1-бөлім, 9-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IV тарау. Қайтымды реакциялар — §18. Химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)VII тарау. Химиялық тепе-теңдік — §40. Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар; §41. Өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік
Оқу бағдарламасының мақсаттары (27)
- гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу
- қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу
- қайтымды реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру
- әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу
- химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру
- химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу
- химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу
- "белсендіру энергиясы" ұғымының физикалық түсіндіру
- катализ процесінің мәнін түсіндіру
- гомогенді және гетерогенді катализді ажырату
- катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру
- химиялық тепе-теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру
- химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау
- не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру
- әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу
- реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құру
- тепе-теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау
- тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару
- реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру
- реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
- катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру
- реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
- тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау
- Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау
- химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату
- химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
- аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).