Химия · ҰБТ-2026 · 1-тақырып / 19
Атом құрамы және құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Атом құрамы. Изотоптар. Салыстырмалы атомдық масса
- Химия, 7-сынып (М. Оспанова, Т. Белоусова, Қ. Аухадиева)III тарау. Атомдар. Молекулалар. Заттар — §7. Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
- Химия, 7-сынып (М. Оспанова, Т. Белоусова, Қ. Аухадиева)VII тарау. Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формула — §16. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)I тарау. Атом құрылысы — §1. Атом — күрделі бөлшек; §2. Атомдық масса. Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу
Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)I тарау. Атом құрылысы — §3. Радиоактивтілік; §4. Ядролық реакциялар
Атомдағы электрондардың қозғалысы: энергетикалық деңгейлер, орбитальдар, квант сандары, электрондық конфигурация
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)I тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы — §1. Атомда электрондардың таралуы; §2. Энергетикалық деңгейлер; §3. Атомдағы электрондардың қозғалысы
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)I тарау. Атом құрылысы — §5. Энергетикалық деңгейлер. Кванттық сандар және орбитальдар; §6. Квант сандары. Атомдық орбитальдар
Иондардың түзілуі. Валенттілік. Қосылыстар формулаларын құрастыру
- Химия, 7-сынып (М. Оспанова, Т. Белоусова, Қ. Аухадиева)VII тарау. Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формула — §17. Химиялық формулалар. Валенттілік. Салыстырмалы молекулалық масса
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)I тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы — §4. Иондардың түзілуі; §5. Қосылыстар формулаларын құрастыру
Коваленттік байланыс: түзілу механизмдері, қасиеттері, гибридтену, электртерістілік және полюстілік
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Химиялық байланыс түрлері — §35. Химиялық элементтердің электртерістілігі; §36. Коваленттік байланыс
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)III тарау. Химиялық байланыс — §10. Коваленттік байланыс; §11. ... қасиеттері; §12. Гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3; §13. Электртерістілік және байланыс полюстілігі; §15. Валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясы
Иондық, металдық, сутектік байланыс. Кристалдық торлар
- Химия, 8-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)IX тарау. Химиялық байланыс түрлері — §37. Иондық байланыс; §38. Кристалдық тор түрлері; §39. Заттардың қасиеттерінің кристалдық тор құрылысына тәуелділігі
- Химия. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (М. Оспанова, Қ. Аухадиева, Т. Белоусова)III тарау. Химиялық байланыс — §14. Иондық байланыс; §16. Металдық байланыс; §17. Сутектік байланыс; §18. Кристалдық торлар
Оқу бағдарламасының мақсаттары (31)
- "нуклидтер" мен "нуклондар" ұғымының мағынасын түсіндіру
- қоспадағы химиялық элементтің табиғи изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу
- радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру
- квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін атау
- алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу
- донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
- қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру
- ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
- әртүрлі гибридтену түрлерін түсіндіру
- заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру
- атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау
- иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну
- металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру
- сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру
- кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау
- протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу
- алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу
- "изотоп" түсінігін білу
- табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну
- салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
- элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу
- химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу
- атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
- әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну
- s және р орбиталдарының пішінін білу
- алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды –графикалық формулаларын жаза білу
- атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
- "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
- электртерістілік ұғымына сүйеніп ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
- иондық байланыстың түзілуін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
- заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Химия» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).