География · ҰБТ-2026 · 11-тақырып / 21
Халық географиясы
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері, діни құрамы, тарихи-мәдени аймақтар, ұлтаралық келісім
- География, 7-сынып (А. Егорина, С. Нүркенова, Е. Шимина)4-бөлім. Әлеуметтік география — §39. Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары; §40. Дүниежүзі халқының діни құрамы; §41. Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары; §42. Ұлтаралық және дінаралық келісім
- География, 2-бөлім, 7-сынып (Р. Қаратабанов, Ж. Байметова)4-тарау. Әлеуметтік география. 4.1 Халық географиясы — §45–46. Дүниежүзінің этнолингвистикалық бейнесі қалай көрінеді?; §47–48. Дүниежүзінің діни алуантүрлілігі неден көрінеді?; §49–50. Ғаламшарда аймақтар қалай құрылады?; §51–52. Дүниежүзі халықтары арасындағы достықты қалай нығайтуға болады?
Халық санағы, ұдайы өсу түрлері, демографиялық көрсеткіштер
- География, 8-сынып (С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова)IV бөлім. Әлеуметтік география. Халық географиясы — §31-32. Халық санағы; §33. Ұдайы өсудің түрлері; §34-35. Демографиялық көрсеткіштерді есептеу
- География, 2-бөлім, 8-сынып (Р. Қаратабанов, Г. Қуанышева, Ж. Байметова, К. Джаналеева)4-бөлім. Әлеуметтік география. 4.1 Халықтар географиясы — §38-39. Халық санағы; §40-41. Халықтың ұдайы өсу типі; §42-43. Демографиялық көрсеткіштер және демографиялық жағдайлар
Демографиялық жағдай, проблемалар және демографиялық саясат
- География, 8-сынып (С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова)IV бөлім. Әлеуметтік география. Халық географиясы — §36-37. Демографиялық жағдай; §38. Демографиялық проблемалар; ПС7
- География, 2-бөлім, 8-сынып (Р. Қаратабанов, Г. Қуанышева, Ж. Байметова, К. Джаналеева)4-бөлім. Әлеуметтік география. 4.1 Халықтар географиясы — §44-45. Демографиялық мәселелер; §46-47. Демографиялық саясат
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, көші-қон, еңбек ресурстары, демографиялық жағдай
- Қазақстан географиясы, 2-бөлім, 9-сынып (Ш. Толыбекова, Г. Головина, С. Козина, Е. Ахметов)IV бөлім. Әлеуметтік география. Халық географиясы — §38. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы; §39. Дүниежүзі халықтарының көші-қоны. Қазақстандағы халықтар көші-қоны; §40. Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы. Қазақстандағы демографиялық жағдай және демографиялық саясат
- Қазақстан географиясы, 2-бөлім, 9-сынып (В. Усиков, А. Егорина, А. Усикова, Г. Зәбенова)IV бөлім. Әлеуметтік география. Халықтар географиясы — §41. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы; §42. Қазақстанның және әлем халқының көші-қоны; §43. Қазақстанның еңбек ресурсы; §44. Қазақстандағы демографиялық жағдай
- Қазақстан географиясы, 2-бөлім, 9-сынып (Р. Қаратабанов, А. Саипов, Б. Балғабаева, Қ. Сапаров)4-бөлім. Әлеуметтік география. 4.1 Халықтар географиясы — §39. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы; §40-41. Қазақстандағы көші-қон; §42. Қазақстан Республикасындағы еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы; §43. Қазақстандағы демографиялық жағдай
Қазақстанның елді мекендері, ойконимдер, урбандалу
- Қазақстан географиясы, 2-бөлім, 9-сынып (Ш. Толыбекова, Г. Головина, С. Козина, Е. Ахметов)IV бөлім. Әлеуметтік география. Халық географиясы — §41. Елді мекендердің жіктелуі. Елді мекендердің қызметтік зонасы. Қазақстан ойконимдері. Қазақстан елді мекендерінің мәселелері; §42. Урбандану үдерісі. Қазақстандағы урбандану үдерісіне баға беру
- Қазақстан географиясы, 2-бөлім, 9-сынып (В. Усиков, А. Егорина, А. Усикова, Г. Зәбенова)IV бөлім. Әлеуметтік география. Халықтар географиясы — §45. Қазақстанның елді мекендері; §46. Қазақстандағы және әлемдегі урбандалу
- Қазақстан географиясы, 2-бөлім, 9-сынып (Р. Қаратабанов, А. Саипов, Б. Балғабаева, Қ. Сапаров)4-бөлім. Әлеуметтік география. 4.1 Халықтар географиясы — §44-45. Қазақстандағы елді мекендер. Ойконимдер; §46. Қазақстандағы қалалану үдерісі
Оқу бағдарламасының мақсаттары (22)
- дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді
- дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
- халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді
- қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді және қалыптастыру жолдарын ұсынады
- халық санын анықтау әдістерін түсіндіреді
- дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді
- елдердің демографиялық жағдайын талдап, басты демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам
- елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді
- дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді
- "демографиялық саясат" ұғымын түсіндіре отырып дүниежүзінің жекелеген елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
- Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды
- дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді
- Қазақстандағы көші-қон үдерістерді талдап, басты бағыттарын анықтайды
- көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсынады
- қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштері мен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді
- Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
- Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді
- елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттайды
- Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады
- Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
- урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады
- Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Дереккөз: «География» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) — каз (ҰТО, testcenter.kz).