Физика · ҰБТ-2026 · 20-тақырып / 25
Геометриялық оптика
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 5 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Жарықтың түзу сызықты таралуы
- Физика, 8-сынып (Б. Кронгарт, Ш. Насохова)7-тарау. Жарық құбылыстары — §36. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Әбішев)7-тарау. Геометриялық оптика — §37. Жарықтың түзусызықты таралуы
Жарықтың шағылуы. Жазық және сфералық айналар
- Физика, 8-сынып (Б. Кронгарт, Ш. Насохова)7-тарау. Жарық құбылыстары — §37. Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар; §38. Сфералық айналар...
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Әбішев)7-тарау. Геометриялық оптика — §38. Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық және сфералық айналар
Жарықтың сынуы. Сыну заңы. Толық ішкі шағылу
- Физика, 8-сынып (Б. Кронгарт, Ш. Насохова)7-тарау. Жарық құбылыстары — §39. Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы. Толық ішкі шағылу
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Әбішев)7-тарау. Геометриялық оптика — §39. Жарықтың сыну құбылысы
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Әбішев)Зертханалық жұмыстар — 5-зертханалық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау
Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Жұқа линзаның формуласы
- Физика, 8-сынып (Б. Кронгарт, Ш. Насохова)7-тарау. Жарық құбылыстары — §40. Линзалар, линзаның оптикалық күші, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескін салу
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Әбішев)7-тарау. Геометриялық оптика — §40. Линзалар. Жұқа линзаның формуласы
Көз — оптикалық жүйе. Оптикалық аспаптар. Линзалар жүйесінде кескін салу
- Физика, 8-сынып (Б. Кронгарт, Ш. Насохова)7-тарау. Жарық құбылыстары — §41. Көз — оптикалық жүйе ретінде...; §42. Оптикалық аспаптар
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 11-сынып (С. Тұяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, М. Әбішев)7-тарау. Геометриялық оптика — §41. Линзалар жүйесінде кескін салу. Оптикалық аспаптар
Оқу бағдарламасының мақсаттары (23)
- Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру
- сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану
- Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру
- жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру
- шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну
- линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу
- телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру
- Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу
- эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау
- айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру
- жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау
- дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау
- жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу
- жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару
- тәжірибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
- экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау
- сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау
- жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану
- линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану
- жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру
- жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау
- көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
- қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Физика» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).