Физика · ҰБТ-2026 · 1-тақырып / 25
Кинематика
ҰБТ-2026 осы тақырыпта нені тексереді
Ресми спецификация мен оқу бағдарламасы бойынша тақырып 6 тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың жанында — ҰТО тізіміндегі оқулық пен параграф.
Физикалық шамалар және өлшеу қателіктері
- Физика, 7-сынып (У. Тоқбергенова, Б. Кронгарт)1-тарау. Физика — табиғат туралы ғылым — §3. Физикалық шамалар және оларды өлшеу. Бірліктердің халықаралық жүйесі; §4. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды жазу
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (Б. Кронгарт, Д. Қазақбаева, О. Иманбеков, Т. Қыстаубаев)Кіріспе — Қазіргі заманғы физиканың рөлі; Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеу
Механикалық қозғалыс. Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
- Физика, 7-сынып (У. Тоқбергенова, Б. Кронгарт)2-тарау. Механикалық қозғалыс — §6. Механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары; §7. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы
- Физика, 9-сынып (Д. Қазақбаева, Ш. Насохова, Н. Бекбасар)I тарау. Кинематика негіздері — §1. Механикалық қозғалыс
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (Б. Кронгарт, Д. Қазақбаева, О. Иманбеков, Т. Қыстаубаев)1-тарау. Кинематика — §1. Кинематиканың негізгі ұғымдары
Векторлық және скалярлық шамалар. Вектордың проекциялары
- Физика, 7-сынып (У. Тоқбергенова, Б. Кронгарт)1-тарау. Физика — табиғат туралы ғылым — §5. Векторлық және скалярлық шамалар
- Физика, 9-сынып (Д. Қазақбаева, Ш. Насохова, Н. Бекбасар)I тарау. Кинематика негіздері — §2. Векторлар және оларға амалдар қолдану; §3. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
Бірқалыпты және теңайнымалы түзусызықты қозғалыс. Үдеу. Қозғалыс графиктері
- Физика, 7-сынып (У. Тоқбергенова, Б. Кронгарт)2-тарау. Механикалық қозғалыс — §8. Бірқалыпты және бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалыс; §9. Қозғалысты график түрінде сипаттау
- Физика, 9-сынып (Д. Қазақбаева, Ш. Насохова, Н. Бекбасар)I тарау. Кинематика негіздері — §4. Түзусызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс. Үдеу; §5. ... жылдамдық және орын ауыстыру
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (Б. Кронгарт, Д. Қазақбаева, О. Иманбеков, Т. Қыстаубаев)1-тарау. Кинематика — §2. Түзусызықты қозғалыс
Еркін түсу. Горизонталь және көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене
- Физика, 9-сынып (Д. Қазақбаева, Ш. Насохова, Н. Бекбасар)I тарау. Кинематика негіздері — §6. Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі
- Физика, 9-сынып (Д. Қазақбаева, Ш. Насохова, Н. Бекбасар)III тарау. Динамика негіздері — §21. Денелердің ауырлық күшінің әсерінен қозғалуы
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (Б. Кронгарт, Д. Қазақбаева, О. Иманбеков, Т. Қыстаубаев)1-тарау. Кинематика — §3. Денелердің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі
Қисықсызықты қозғалыс. Шеңбер бойымен қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу
- Физика, 9-сынып (Д. Қазақбаева, Ш. Насохова, Н. Бекбасар)I тарау. Кинематика негіздері — §7. Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы; §8. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар; §9. Центрге тартқыш үдеу
- Физика. 1-бөлім (ЖМБ), 10-сынып (Б. Кронгарт, Д. Қазақбаева, О. Иманбеков, Т. Қыстаубаев)1-тарау. Кинематика — §4. Қисықсызықты қозғалыс. Шеңбер бойымен қозғалыс; §5. Айналмалы қозғалыс
Оқу бағдарламасының мақсаттары (35)
- қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікірін айту және өз пікірін дәлелдеу
- жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу
- тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау
- физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу
- жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару
- сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
- инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату
- жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану
- қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау
- көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау
- физикалық шамаларды олардың Халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
- скаляр және векторлық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру
- үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, санды : стандартты түрде жазу
- келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
- механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
- түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
- қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
- s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координата осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу
- дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
- бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
- материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
- векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту
- вектордың координаталар остеріне проекцияларын анықтау, векторларды құраушыларға жіктеу
- уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтау
- түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану
- түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
- тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау
- тең үдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру
- еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
- теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау
- горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау
- горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу
- дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау
- сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану
- центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану
Бұл тақырыпты қаншалықты білетініңді тексер
ҰБТ-2026 форматындағы тегін толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды бірден көресің, ал әлсіз тақырыптарыңды Boytumar қосымшасы көрсетеді.
Осы бөлімдегі басқа тақырыптар
Дереккөз: «Физика» пәні бойынша ҰБТ тест спецификациясы (2026 жылдан бастап) (ҰТО, testcenter.kz).