Биология – География: тегін ҰБТ сынағы
Биология мен География және үш міндетті пән — ҰБТ-2026 форматындағы толық сынақ: 120 тапсырма, 240 минут, 140 балл. Балыңды сынақ біткен соң бірден көресің.
Сынақтағы 5 пән
- Қазақстан тарихы 20 тапсырма · 20 балл
- Математикалық сауаттылық 10 · 10 балл
- Оқу сауаттылығы 10 · 10 балл
- Биология 40 тапсырма · 50 балл
- География 40 тапсырма · 50 балл
Нағыз ҰБТ құрылымы
Міндетті пәндер
- Қазақстан тарихы 20 тапсырма · 20 балл
- Математикалық сауаттылық 10 · 10 балл
- Оқу сауаттылығы 10 · 10 балл
Екі бейіндік пән
- Бір дұрыс жауап 25 · 25 балл
- Контекстік тапсырма 5 · 5 балл
- Сәйкестендіру 2×4 5 · 10 балл
- Бір немесе бірнеше жауап 5 · 10 балл
Жиі сұрақтар
ҰБТ-2026 форматы қандай?
5 пән, 120 тапсырма. Үш міндетті пән: Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, Математикалық сауаттылық — 10, Оқу сауаттылығы — 10. Таңдаған екі бейіндік пәннің әрқайсысында 40 тапсырма: 25 бір дұрыс жауапты, 5 контекстік, 5 сәйкестендіру (2×4) және 5 «бір немесе бірнеше дұрыс жауап».
Ең жоғары балл қанша?
140 балл: міндетті пәндерден 40 (20 + 10 + 10) және әр бейіндік пәннен 50.
Сынаққа қанша уақыт беріледі?
Бес пәнге жалпы 240 минут (4 сағат) — нағыз ҰБТ-дағыдай. Жауаптарың бірден сақталады: пәнді аяқтап, кейін кез келген құрылғыдан жалғастыра аласың.
Ішінара балл қалай есептеледі?
Сәйкестендіру және «бір немесе бірнеше дұрыс жауап» тапсырмалары — 2 балдан. ҰБТ қағидаларының 18-тармағы бойынша толық дұрыс жауапқа 2 балл, ішінара дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Бір дұрыс жауапты және контекстік тапсырмалар — 1 балдан.
Болжам қалай жасалады?
Сынақ біткен соң сайт жалпы балыңды бірден көрсетеді. Boytumar қосымшасы соңғы сынағың мен тақырыптар бойынша жаттығуларыңның нәтижесінен ҰБТ-да жинауың мүмкін балды 140 балдық шкалада аралықпен болжайды. Болжам — бағдар, балға кепілдік емес.
Бағасы қанша?
Толық сынақ және балың — тегін. Қосымшаны жүктеу де тегін: әр тақырыптың сабағы мен тексеру тапсырмалары ашық. Premium жазылымы барлық тақырыптағы толық жаттығулар мен мини-тесттерді ашады.
Тапсырмалар қайдан алынған?
Тапсырмалар — ҰТО-ның ресми ҰБТ-2026 спецификациясы бойынша құрастырылған түпнұсқа сұрақтар. Пәндер мен тақырыптардың толық тізімі «Пәндер» бөлімінде.